Show simple item record

dc.contributor.authorNagima Ilyassova
dc.contributor.authorGulnafis Yerkegaliyeva
dc.contributor.otherАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
dc.contributor.otherАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
dc.date.accessioned2024-01-24T19:45:01Z
dc.date.accessioned2025-10-08T08:27:12Z
dc.date.available2025-10-08T08:27:12Z
dc.date.issued01-September-2023
dc.identifier.urihttp://digilib.fisipol.ugm.ac.id/repo/handle/15717717/35929
dc.description.abstractМақалада синтагма мәселесі фонетика, лексика, семантика, интонациямен байланысты зерттелгені анықталып, ғалымдардың синтагманы фонетикалық бірлік, семантикалық-интонациялық бірлік, көп компонентті синтагма, бір компонентті синтагма, лексикалық синтагматика, синтаксистік синтагматика түрінде әртүрлі жіктегені, оның ғылыми айналымда бір жүйеге түспегені көрсетіліп, синтагманың аталған салалармен байланысын айқындайтын тілдік бірлік сөйлем деп танылады. Сөйлем сөйлеу ағымына түскен сөздердің байланысуынан қалыптасатын, ал синтагма сөйлем ішінде байланысқа түскен сөздердің мәні мен мағынасын анықтайтын, ой-пікірді жеткізуге қызмет атқаратын синтаксистік категория ретінде талданады. Нәтижесінде синтаксистік синтагма термині ұсынылады. Синтаксистік синтагма тілдің құрылымдық, семантикалық, интонациялық, коммуникативтік жүйесімен тығыз байланыста жұмсалатын грамматикалық статусқа ие категорияға жатады. Сөйлем ішінде өзара байланысқан сөздер мен оларды байланыстырушы тілдік бірліктердің қызметіне талдау жасау барысында синтаксистік синтагма мен тілдің құрылымдық жүйесі арасында байланыс орнайтыны дәлелденеді. Синтаксистік синтагма құрамындағы сөздердің семантикалық жақтан үйлесім табу жолдары лексикалық мағынаның семантикалық өрісімен байланысты қарастырылады. Интонация мен синтаксистік синтагманы байланыстыруға интонациялық кідіріс пен ұласпалы интонация негіз болатыны көрсетіледі. Коммуникация мен синтагманың байланысы ақпараттық мағыналарды анықтауда көрініс табады. Әрбір синтагма белгілі бір ақпарат жеткізу қызметіне ие екені жан-жақты талданады. Нәтижесінде синтагма құрамындағы сөздердің, қосымшалардың қызметіне талдау жасалады. Синтаксистік синтагма сөйлеу ағымындағы сөздердің байланысынан туындайтын грамматикалық категория ретінде қарастырылады.
dc.language.isoEN
dc.publisherL.N. Gumilyov Eurasian National University
dc.subject.lccGeography. Anthropology. Recreation
dc.titleСинтаксистік синтагманың грамматикалық статусы
dc.typeArticle
dc.description.keywordsсинтагма, интонация, лексикалық мағына, атауыш сөз, грамматикалық мағына, коммуникативті семантика, лексика-грамматикалық статус, коммуникативті статус, интонациялық статус.
dc.description.doi10.32523/2664-5157-2023-3-123-135
dc.title.journalTurkic Studies Journal
dc.identifier.e-issn2708-7360
dc.identifier.oai015ef4bda7dd46799be0c55a0d24ff08
dc.journal.infoVolume 5, Issue 3


This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record