Қисас-и Рабғұзи және ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба әдебиеті: рухани үндестік пен дәстүр жалғастығы
Abstract
Қазақ елінің ұлт болып ұйысып, тұтастай дербес мемлекет болып қалыптасуында түрлі тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғалардың, саяси оқиғалар мен мәдени-әдеби жәдігерлердің орны ерекше. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды факторлардың бірі, сегіз ғасырға жуық уақыт бұрын Шыңғысхан ұрпақтары тарапынан құрылған Алтын Орда мемлекеті (ХІІІ-ХVІ ғ.ғ) кезеңі болды. Аталған дәуірді насихаттауға бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде назар аударылуының өзі бұл дәуірдің өзіндік ерекшелігі мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы әсерін арттыра түсетіні анық. Әсіресе, бұл кезеңде жазып
қалдырылған әдеби мұралардың кейінгі дәуірлерде қазақтың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына жасаған әсерін зерттеп, бүгінгі ғылыми ортада насихаттау – ұлттық бірегейлік пен әдеби дәстүр жалғастығын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Алтын Орда кезеңінде жазылған әдеби мұралар Насируддин Бұрһаниддин Рабғузидің «Пайғамбарлар тарихы» – Қисас ул-әнбия немесе Қисас-и Рабғұзи, Әл-Кердеридің «Жұмақтардың ашық жолы» (Нәһж ул-фәрадис), Құтбтың «Хұсрау-Шырын» сынды дастандар сөз жоқ, осы кезеңдегі сөз өнерінің дамып, жетілуінде ерекше рөл атқарды.
Мақалада Алтын Орда кезеңінде қоғамдық дамуға ерекше үлес қосқан Насируддин Бұрһануддин Рабғұзидің «Қисәс ул-әнбия» немесе «Қисас-и Рабғузи» еңбегі және ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық тәрбиесі мен діни сауатының оянуына зор ықпал еткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы,
Шәді Жәңгірұлы сынды шайырлардың пайғамбарлар жайлы қиссалары арасындағы рухани үндестік пен дәстүр жалғастығы салыстырмалы түрде қарастырылады.
Date
01-SeptembAuthor
Khamidulla Tadzhiyev
Torali Kydyr
