Show simple item record

dc.contributor.authorKhamidulla Tadzhiyev
dc.contributor.authorTorali Kydyr
dc.contributor.otherМ.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
dc.contributor.otherМ.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
dc.date.accessioned2024-01-24T19:45:02Z
dc.date.accessioned2025-10-08T08:27:14Z
dc.date.available2025-10-08T08:27:14Z
dc.date.issued01-September-2023
dc.identifier.urihttp://digilib.fisipol.ugm.ac.id/repo/handle/15717717/35933
dc.description.abstractҚазақ елінің ұлт болып ұйысып, тұтастай дербес мемлекет болып қалыптасуында түрлі тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғалардың, саяси оқиғалар мен мәдени-әдеби жәдігерлердің орны ерекше. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды факторлардың бірі, сегіз ғасырға жуық уақыт бұрын Шыңғысхан ұрпақтары тарапынан құрылған Алтын Орда мемлекеті (ХІІІ-ХVІ ғ.ғ) кезеңі болды. Аталған дәуірді насихаттауға бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде назар аударылуының өзі бұл дәуірдің өзіндік ерекшелігі мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы әсерін арттыра түсетіні анық. Әсіресе, бұл кезеңде жазып қалдырылған әдеби мұралардың кейінгі дәуірлерде қазақтың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына жасаған әсерін зерттеп, бүгінгі ғылыми ортада насихаттау – ұлттық бірегейлік пен әдеби дәстүр жалғастығын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Алтын Орда кезеңінде жазылған әдеби мұралар Насируддин Бұрһаниддин Рабғузидің «Пайғамбарлар тарихы» – Қисас ул-әнбия немесе Қисас-и Рабғұзи, Әл-Кердеридің «Жұмақтардың ашық жолы» (Нәһж ул-фәрадис), Құтбтың «Хұсрау-Шырын» сынды дастандар сөз жоқ, осы кезеңдегі сөз өнерінің дамып, жетілуінде ерекше рөл атқарды. Мақалада Алтын Орда кезеңінде қоғамдық дамуға ерекше үлес қосқан Насируддин Бұрһануддин Рабғұзидің «Қисәс ул-әнбия» немесе «Қисас-и Рабғузи» еңбегі және ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық тәрбиесі мен діни сауатының оянуына зор ықпал еткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәді Жәңгірұлы сынды шайырлардың пайғамбарлар жайлы қиссалары арасындағы рухани үндестік пен дәстүр жалғастығы салыстырмалы түрде қарастырылады.
dc.language.isoEN
dc.publisherL.N. Gumilyov Eurasian National University
dc.subject.lccGeography. Anthropology. Recreation
dc.titleҚисас-и Рабғұзи және ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба әдебиеті: рухани үндестік пен дәстүр жалғастығы
dc.typeArticle
dc.description.keywordsАлтын Орда, ХХ ғасыр, әдебиет, Қисас ул-әнбия, Рабғұзи, Мәшһүр Жүсіп, Шәді Жәңгірұлы, рухани үндестік, дәстүр жалғастығы.
dc.description.doi10.32523/2664-5157-2023-3-172-184
dc.title.journalTurkic Studies Journal
dc.identifier.e-issn2708-7360
dc.identifier.oai51fe129e6b7c4d1cabcf7d7e9c44fea6
dc.journal.infoVolume 5, Issue 3


This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record